РУС   ENG

X «Еуразия» ХКФ: бесінші күн

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2014

Х «Еуразия» ХКФ аяқталуға бір қадам қалды. Дәл бүгін кешке Республика сарайында негізгі байқау жеңімпаздарының есімдері аталады.

Фестивальдің соңғы күні де басқа күндері секілді мазмұнды болды. Фестивлаь орталығы өз жұмысын «Жұлдыз» (Ресей) және «Сәйгүліктер мен адамдар туралы» (Исландия) картиналарының түсірушілері қатысқан баспасөз конференциясынан бастады. Исландиялық комедия продюсері Кристоф Тоук жылқының Исландия ұлттық мәдениетінің салмағы бөлігі екенін және «Сәйгүліктер мен адамдар туралы» картинасының елінің бүкіл халқы үшін өзекті екенін айтты.

X «Еуразия» ХКФ: Үшінші күн

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2014

Мерейтойлық «Еуразия» халықаралық кинофестивалі бел ортасына келді.

Кинофестивальдің үшінші күні қазылар негізгі байқауға кірген төрт картинамен танысты. Оның арасында қазақстандық режиссердің «Дала үні» де бар.

X «Еуразия»: Төртінші күн

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2014

Мерейтойлық оныншы «Еуразия» ХКФ аяқталуға жақын қалды. Дәл ертең халықаралық байқау қазылары, ФИПРЕССИ және НЕТПАК қазыларының мүшелері жеңімпаздардың есімдерін атайды.

X «Еуразия» ХКФ: Ашылу салтанаты

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2014

Алматыда Х «Еуразия» ХКФ ашылуы болды

Дүйсенбі, 15 қыркүйек күні Республика сарайында мерейтойлық, оныншы «Еуразия» ХКФ-ның ашылу салтанаты болды. Дәстүр бойынша бағдарламаның ресми бөлігі қазақстандық кинематограф жұлдыздары мен фестивальдің құрметті қонақтары жүріп өткен қызыл кілемшеден басталды.

Биылғы «Еуразия» кинофестивалі көрнекті қазақ кинематографисі Шәкен Аймановтың жүз жылдығына орайластырылып отыр. Дәл сол себепті дәстүрлі тұсаукесердің орнына биыл Республика сарайы экранында «Атамекен» картинасы көрсетіліп, салтанаттың көп бөлігі Шәкен Кенжетайұлын еске алуға арналды.

Х "Еуразия" ХКФ – барлық киносүйер қауым үшін мереке

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2014

Алматыда Х халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Тілшілердің сұрақтарына Х «Еуразия» ХКФ ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ермек Аманшев, кинофестиваль директоры Серік Жұбандықов, іріктеу комиссиясының төрағасы Дидар Амантай және бағдарлама директоры Диана Әшімова жауап берді. Ермек Аманшевтың айтуынша, биыл фестивальдің алдын ала іріктеуіне бұрын болмаған өтініш саны келіп түсті – 30 елден 180-нен астам картина. Көрсетілімге 30 картина жіберіліп, негізгі байқауға әдеттегідей 12 картина іріктелді. Іріктеу комиссиясының төрағасы Дидар Амантай: «Біз үшін байқау бағдарламасына іріктеудің басты шарты кино тілі болды. Біз киноөнерін дамытатын фильмдерді қолдауға бел будық».

X «Еуразия» ХКФ: Бірінші күн

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2014

Дүйсенбіде, 15 қыркүйек күні фестиваль орталығында Х «Еуразия» ХКФ қазылар алқасының мүшелері мен қонақтары қатысқан алғашқы баспасөз конференциялары өтті.

Дәстүр бойынша тілшілермен бірінші болып FIPRESCI және NETPAC қазылары мүшелері кездесті. Кинобаспасөздің халықаралық қауымдастығының (ФИПРЕССИ) атынан биыл киносыншылар Биргит Беймерс және Андреа Мартини, сондай-ақ киносыншы Нигора Каримова келді. Азиялық киноны дамыту қауымдастығының (НЕТПАК) атынан кинотанушылар Гульбара Толомушова мен Сергей Анашкин қатысты.

Шебердің мерейтойына арналған мерейтойлық фестиваль

Автор: Пресс-служба on . Posted in Жаңалықтар

Алматыда 2014 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Фестивальдың ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Алматы қаласының әкімшілігі болып отыр. Бұл мерейтойлы кинофестиваль ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіндегі атаулы мерекелердің біріне енген ұлы қазақ режиссері Шәкен Аймановтың жүз жылдығына арналады.